Текст
01.03.2021
Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім. Құрметпен, мектеп әкімшілігі.
18.02.2021
17 ақпан күні жоспарға сәйкес Есенин оқулары өткізілді.
17 ақпан күні жоспарға сәйкес отыз жасында қайтыс болған, үлкен және жомарт талантымен ерекшеленген ақын шығармашылығына арналған Есенин оқулары өткізілді. «Ерекше дарын иесі, орыс ақыны өмірден өтті", - деп Максим Горький өз заманында ол туралы айтып...
10.02.2021
Ақпан айының 9-күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай « Қазақ поэзиясының хантәңірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар ақынның шығармаларымен танысып, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Көрмені оқырмандар назарына ұсынған: мектеп кітапханашысы Сарбасова Маржан Каркеновна
04.02.2021
2021 жылдың 27-29 қаңтар аралығында ІІ тоқсан қорытындысы бойынша даярлық топ және 1-11 сыныптардың ата-аналарына арналған сыныпішілік ата-аналар жиналыстары өткізілді. Ата-аналар жиналыстарында II тоқсанның оқу үлгерімі, штаттық оқу кезіндегі санитарлық талаптарды қатаң ұстану мәселелері қарастырылып, ата-аналар мектептің Жаңа жарғысына енгізілген өзгерістер мен "Кітап оқитын мектеп" жобасымен таныстырылды.Жиналысқа барлығы 220 ата-ана қатысты.
01.02.2021
Химия, биология және география пәндері апталығының қорытындысы
Қаңтар айының 25-29 күндері аралығында мектепте химия, биология және география пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді. Апталықтың мақсаты : химия, биология және география сабақтарында...
28.01.2021
Қаңтар айының 27- сі күні «Ғажайып химия» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Аталмыш зияткерлік ойынның фавориттері: 9-сынып оқушылары, Шоканова Мадина, Умарханова Дильназ, Бескемпір Нұрсұлтан, Жабагин Диас, Жанғали Рустем. Олар «Химия көшбасшылары» атты мадақтамамен марапатталды. Ұйымдастырушы: химия және биология пәнінің мұғалімі Туякова Анар Куанышпаевна.
28.01.2021
2021 жылдың 26 қаңтарында химия, билогия, география апталығы аясында 7 - сынып оқушыларымен «География әлемі» атты сыныптан тыс сабағы өтті. Ойын барысында оқушылар 4 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. Кезең тапсырмалары: «Адасқан әріптер», «Қане бөлісейік», «1 әріпке 10 атау», «Кім тапқыр?» Өткізген: география пәнінің мұғалімі Қали Ж.С.
26.01.2021
Математика, информатика және физика пәндері апталығының қорытындысы.
2021 жылдың 18 - қаңтарынан 22 - қаңтар аралығында 5-10 сыныптар арасында «Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты тақырыпта математика, физика және информатика пәндері бойынша апталық өтті. Апталықта барлық жоспарланған іс -...
25.01.2021
21.01.21ж. күні информатика пәнінің мұғалімі Болат Серікгүл «Journey into the world of computer science» атты тақырыпта 6«А» және 6«Ә» сыныптарымен сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, білім деңгейін жарыста көрсете білуге үйрету. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар өз белсенділіктерін танытып, білімдерін шыңдады.
15.01.2021
Қысқы демалыс кезінде 1-4-сынып оқушылары арасында «Қыс қызықтары» атты суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.