Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының
«№ 22 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мектепте 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жауапты мамандары бұйрықпен бекітілген. Жауапты мамандар мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
№ |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы |
Керекті құжаттар |
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны |
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау |
Өтініш, фото 3*4-2 дана, денсаулық паспорты 063-У формасы, ем картасы, эпид окружение. Бұл қызмет 5 күн ішінде орындалады.Бұл мемлекеттік қызмет электрондық партал арқылы жүзеге асады.Сондай-ақ өтінішті мектепке келіп жазуға болады. |
2022 оқу жылында 1-ші сыныпқа 44 оқушы қабылданды. |
2. |
Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде ақысыз білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау |
Өтініш , ВКК анықтамасы, ПМПК анықтамасы мен ұсынысы болу қажет. Бұл 3 күн ішінде жүзеге асырылады. |
Өткен жылы мектебімізде денсаулығына байланысты 1 оқушы үйде оқыды. |
3. |
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау |
Өтініш . Бұл 3 күн ішінде жүзеге асырылады. |
Өткен жылы бұл мемлекеттік қызмет көрсетілді 0 оқушыларға. |
4. |
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету |
Көп балалы, аз қамтылған, жетім ата-ананың қамқорынсыз қалған, күн көрісі төмен балаларға мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Өтініш, еңбекақы туралы анықтама керек. |
Оқушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдетілген тамақпен 59 оқушы қамтылды. |
5. |
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылар мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына құжаттарды қабылдау және саяжайларда демалысты қамтамасыз ету |
Көп балалы, аз қамтылған, жетім балаларға көрсетілген қызмет.Өтініш, санатты растайтын анықтама қажет.Бұл мемлекеттік қызметтің түрі 15 күн ішінде көрсету керек. |
77 оқушы |
6. |
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
|
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш жазып, туу туралы куәлік немесе төл құжат көшірмесі қажет. Мектеп 15 күн ішінде дубликат жасап беру қажет.
|
Былтыр 0 аттестаттың дубликаты берілді. |
7. |
Жалпы білім беретін мектептер арасында асуысуы туралы |
Ата-ананың өтініші, тіркелу қағазы қажет. |
Берілген мемлекеттік қызмет бойынша 2022 жылы қаңтар айынан бастап 27 оқушы қабылданды. |
Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
- «№ 22 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің сайты;
- «№ 22 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің қабылдау бөлімінде орналасқан «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» стенд.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұрақтар бойынша 41-04-20 нөміріне хабарласуға болады.
Директордың м.а. Г.С.Омарова