"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22 ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық ұжым

27 қазан күні "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі " ММ-нің ұйымдастыруымен №4 жалпы орта білім беретін мектебінде "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" облыстық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Біздің мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Г.Ж. қатысып, II жүлделі орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы ісіне шығармашылық пен толағай табыс тілейміз.

Қазанның 14-і күні 3-10 сынып оқушылары арасында Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға біздің мектептен 4"А" сынып оқушысы Абай Айқын қатысып,жоғары нәтиже көрсетіп,жүлделі 2-орынға ие болды.
Жетекшісі:Жазитова Г.Т.

Мамырдың 18-19 аралығында "Дарын" Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектеп оқушыларының Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен жинақтаған білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Тарих ата» республикалық қашықтықтан олимпиадасын өткізген болатын. Аталмыш байқауға мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы Сейтхожа Аружан мен 7 «Ә» сынып оқушысы Темирханова Амина қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен  Аружан және III дәрежелі дипломмен Амина марапатталды. Жетекшісі: Сапар Мұхит Ерланұлы. Құттықтаймыз!!!

 

Сәуірдің 11-15 аралығында Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан қалалық спартакиадасы өтті.« №22 ЖОББМ» КММ-нің оқушылары 11 "А" сынып оқушылары Ескендір Мақсат, Серикбаев Рауан, 10 "А" сыныбының оқушылары Кудайбергенов Каир, Сакенов Алибек , 9 "А" сыныбының оқушылары Каириденов Аллажар, Кангожин Айбар, Шаймұрат Ерлан, 9 "Ә" сыныбының оқушылары Аушахметов Еркин, Балташев Айтуар, Қази Нұржігіт, Құрмансейіт Санжар, Мурзахмет Нұрсат І орынды иеленді. Жетекшісі: Сатанов А.Н. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

 

Ағымдағы жылдың 11-наурызында "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен Красный Яр селосының № 3 мектеп-гимназиясының базасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында "Ахмет оқулары" байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша "Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының көсемі" номинациясында 10 "А" сынып оқушысы Мұхамедяр Кәмила Гран-при атағына ие болса, "Ұлы ұлықтаған ұстаз" номинациясы бойынша 6"А" сынып оқушысы Ерланұлы Мәди, 6 "Ә" сынып оқушысы Бегзан Зерде және 8 "А" сынып оқушысы Булат Мөлдір ақынның "Қасқыр мен қозы" мысалын сахналап, жүлделі ІІІ орындыиеленді. Жетекшілері: қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Аргунбаева А.С., Мухаметжанова З.С. Құттықтаймыз!!!

2022 жылдың 14-22 ақпан аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектептің 14 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Мухамедяр Камила "Қазақстан тарихы" пәнінен 1-орынды, пән мұғалімі Жампеисова К.К., 9 «Ә» сыны оқушысы Сагинбаева Мадина «Математика пәнінен» 2-орынды, пән мұғалімі Ракишева А.Ж., 9 «А» сынып оқушысы Ержанова Мадина «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-орынды, пән мұғалімі Торсунова А.С. иеленді. Оқушыларымыз бен пән мұғалімдерді құттықтап, облыстық олимпиадаға қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз!

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастырылуымен өткізілген «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» қалалық конкурсында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Оңғарбай З. жүлделі 2 орынға ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

 

8 қазан күні "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясында қалалық "Үздік психолог -2021" байқауы өтті. Байқау 4 кезеңді қамтыды. Біздің мектептің педагог-психологі Отарбаева М.С. қатысып, ІІ жүлделі орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы ісіне шығармашылық пен толағай табыс тілейміз.

Ағымдағы жылдың 14-15  сәуір күндері «Үздік педагог -2021» сырттай  байқаудың мектепішілік кезеңі өтті. 
Байқау қорытындысы бойынша орыс тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі Торсунова Алия Срымовна -1 орынды, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Аргунбаева Арай Сайрановна - 2 орынды, химия және биология пәнінің мұғалімі Туякова Анар Куанышпаевна -3 орынды иеленді.
Қалалық конкурсқа  мектепішілік конкурстың жеңімпазы А.С Торсунова   жолдама алды. Әріптесімізге қалалық байқауда сәттілік тілейміз!

                                                                  

 

 

Жаңартылған күні: 24.04.2019 19:11
Құрылған күні: 01.02.2024 14:21

Текст