Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
2025–2026 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау.
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 22 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
1- сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды. Оқыту тілі – қазақ.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 1-сыныпқа алты жасқа толған балалар, сондай-ақ ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады. Яғни, қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар да 1-сыныпқа қабылдана алады, себебі олар жыл соңына дейін алты жасқа толады және оқуға құқығы бар.
Құжаттарды қабылдау тек мемлекеттік сервистер арқылы жүзеге асырылады:
1. Электрондық үкімет порталы – egov.kz
Қағаз түріндегі өтініштер қабылданбайды!
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-анасының өтініші
2. Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті
3. Баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны)
4. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ 065/у нысаны)
5. ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі.