Текст
Ағымдағы жылдың 15-20 сәуір күні «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында 10-11 сынып оқушыларының арасында сүйікті әдеби кейіпкерге ой арнау «Хат жаздым қалам алып ...» қалалық үздік эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың әдебиетке деген оң көзқарасын мәдени өмірдің маңызды рухани құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыруға, әдеби тілді меңгерудің және көркем әдебиетті білудің беделін арттыруға бағытталған. Қалалық байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 10- сынып оқушысы Ақмырза Арғын 1-ші орынды иеленді. Жетекшілері: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Аргунбаева, кітапхана меңгерушісі М.К. Сарбасова. Құттықтаймыз !