Текст
26.01.2021
Математика, информатика және физика пәндері апталығының қорытындысы.
2021 жылдың 18 - қаңтарынан 22 - қаңтар аралығында 5-10 сыныптар арасында «Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты тақырыпта математика, физика және информатика пәндері бойынша апталық өтті. Апталықта барлық жоспарланған іс -...
25.01.2021
21.01.21ж. күні информатика пәнінің мұғалімі Болат Серікгүл «Journey into the world of computer science» атты тақырыпта 6«А» және 6«Ә» сыныптарымен сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, білім деңгейін жарыста көрсете білуге үйрету. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар өз белсенділіктерін танытып, білімдерін шыңдады.
15.01.2021
Қысқы демалыс кезінде 1-4-сынып оқушылары арасында «Қыс қызықтары» атты суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.
15.01.2021
28.12.20ж. - 05.01.2021ж. аралығында 1-11-сынып оқушылары арасында “Қауіпсіз Жаңа жыл” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға мұз айдынында сырғанамау, шатқалдар мен су қоймаларынан шаңғы тебу кезінде өзін-өзі ережелерін ұстану, теміржол көлігінде жарақаттанудың алдын алу, жаңа жылдық мерекені өткізуге байланысты пиротехникалық заттарды, отшашуды пайдаланбау туралы айтылып, өмір қауіпсіздігін сақтау мәселелері қарастырылды.
15.01.2021
Қысқы демалыс жоспарына сәйкес 1-4-сынып оқушылары арасында «Әке, шеше және мен, отбасымыз шыршамен» тақырыбында отбасылық фотокөрме ұйымдастырылды. Мақсаты: болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуі, отбасылық мерекені өткізудегі ынтымақты күшейту, ұйымшыл, тату отбасын қалыптастыруға бағыттау. Оқушыларымыз өздерінің отбасыларымен өткізген жаңа жылдық суреттерінен фотокөрме жасап, белсенділік танытты.
31.12.2020
Жаңа жылыңызбен!
19.12.2020
07.12-11.12.2020 ж. аралығында Қазақ хандығының 555 жылдығына орай "Қазақ мемлекеттігінің бастауы" тақырыбы бойынша оқушылардың туған жерге, атамекенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын дәріптеуге жетелеу мақсатында тарих апталығы өтті. 7 желтоқсан күні Қазақ хандығының 555 жылдығына орай "Қазақ мемлекеттігінің бастауы" тақырыбындағы апталықтың ашылуы өтіп, 5-11 сынып оқушылары апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырылды. 8 желтоқсан күні «Тәуелсіздік таңы» тақырыбында бейнероликтер челленджі өтті. Челленджге 5-11сынып оқушылары қатысып, Қазақстан Респуликасының тәуелсіздігіне байланысты әр түрлі форматта бейнероликтер жазды. Өлеңдерді мәнерлеп, мәтіндерді мазмұнды етіп айтып берді. 9 желтоқсан күні «Қазақ хандығының хандары» тақырыбында оқушыларының спикерлік дағдыларын қалыптастыру, қазақ хандары туралы ойларын білу, білімдерін кеңейту мен ақпараттық коммуникативтілік қабілеттерін арттыру мақсатында презентациялар қорғалды. 10 желтоқсан күні «Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде» атты тарихи - танымдық ойын өткізілді. Тапсырмалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен байланыстырылды. Тарихи - танымдық ойын өте қызықты, мазмұнды өтті. 11 желтоқсан күні «Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?» атты конференция өткізілді. Конференцияда Қазақ хандығының құрылуынан бастап Тәуелсіздік алғанға дейінгі үлкен кезеңде әбден қиыншылық көргені туралы айтылды. Конференцияның соңында "Қазақ мемлекеттігінің бастауы" атты апталықтың жабылуы өтті. Апталық барысында мектеп оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан білімдерін толықтырып, жан-жақты мәліметтерге талқылау жасады. «Ел болашағы бүгінгі жастар»-деген Елбасы сөзін ұстанған оқушылар Қазақстанның болашағы зор, әрі әлем деңгейінде көк туымыздың көрінетіндігіне сенетіндіктерін айтып өтті.
15.12.2020
Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген барша қауымды Ұлттық мереке, айтулы күніміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бостандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. Құрметпен, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№22 орта мектебі» КММ-нің директоры Баймаганбетова Римма Кенжебулатовна
09.12.2020
23-27 қараша аралығында «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында оқушыларға тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, туған тілін құрметтеу, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген» атты эссе жазу байқауы, «Қымбат маған ана тілім, бал тілім, қымбат маған дана тілім, ар тілім» тақырыбында оқушылардың ана тілі туралы ойлары, пікірлері талқыға алынды, М.Мақатаевтың 90- жылдық мерейтойына орай «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу челленджі, «Мен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін қаншалықты деңгейде білемін?» Play Kahoot платформасында сайыс сабақ, «Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті» тақырыбында презентация қорғау, «Ахмет Байтұрсыновтың қырық мысалы несімен құнды?» атты дөңгелек үстел өткізілді. Өтізілген іс –шараға мектеп оқушылары, сынып жетекшілер және пән мұғалімдері жұмыла ат салысып, белсенділік танытты.
09.12.2020
Қарашаның 16-20-сы аралығында «Тіл -өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында оқушылардың тіл сауаттылғы мен қатар сыни-ойлау қабілетіне, жан-жақты сауаттылығына және өнерге қызығушылықтарын арттыру мақсатында орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталық аясында 9Б сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы бойынша диктант, «Менің Отаным-Қазақстан» суреттер көрмесі және мәнерлеп өлең оқу челленджі, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» эссе жазу байқауы іс-шаралары қашықтықтан ұйымдастырылды. Іс-шараларды өткізген: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Аргунбаева Арай Сайрановна.