Қаңтар айының 25-29 күндері аралығында мектепте химия, биология және география пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді. Апталықтың мақсаты : химия, биология және география сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апта ағымында география пәні мұғалімі Қали Ж.С. 7 «А» сынып арасында «География әлемінде» атты сайыс ұйымдастырды. Өткізілген іс-шара барысында Бескемпирова Мадина, Каиргельдина Ақжарқын, Қаржау Әлихан, Турленов Нурбол мадақтамамен марапатталды.
Қаңтар айының 27-сі күні Химия және биология пәні мұғалімі Туякова А.К. 9 «А» сыныбымен «Ғажайып химия» интеллектуалды ойынын өткізді. Аталмыш зияткерлік ойынның фавориттері: Шоканова Мадина, Умарханова Мадина, Бескемпір Нұрсұлтан, Жабагин Диас, Жанғали Рустем. Олар «Химия көшбасшылары» атты мадақтамамен маратталды. Сонымен қатар «Ойлы болсаң, озып көр» сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Бұл сайыста 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары белсенділік танытып, мадақтамамен марапатталды.
Қаңтар айының 28-сі күні «Табиғаттың таңғажайып сыры» атты видеокөрсетілім ұсынылды. Оқушылар Қазақстанның көрікті жерлерін, ұлан ғайыр табиғат сыйлаған 7 керемет орындарын тамашалады. Сонымен қатар, химия және биология пәнінің мұғалімі Жаркенова А.К. 9 «Б» сынып оқушыларымен «Биология вокруг нас» атты викторина өткізді. Оқушылар белсенділік танытты. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы мадақтамалармен марапатталды.