Текст
30.06.2020
Құрметті ата-ана! Назар аударыңыз! Егер балаңыздың бойынан: - себепсіз мінез-құлқының өзгеруін; - сүйікті іс-әрекетінен бас тартуын және оған деген ынтасының жоғалуын; - тұйықталуын, жиі оқшаулануын; - әдеттегіден тыс көп ұйықтауын; - әдеттегіден тыс ашуланшақтық болуын; - абайсыз, қауіпті әрекеттерді жиі жасауын байқасаңыз, онда бұл балаңыздың бойында, назар аударуды талап ететін, эмоционалды қиындықтардың орын алуын көрсетуі мүмкін. Ол үшін білікті мамандармен байланысып, психологиялық кеңестер алуға болады: www.covid-19.mentalcenter.kz/children-kaz, www.telefon150.kz және www.bfline.org. Барлық онлайн кеңестер тегін. Құрметті ата-ана! Назар аударыңыз! Егер балаңыздың бойынан: - әдеттегі іс-әрекетке деген қызығушылығының жоғалуын, күнделікті белсендігінің төмендеуін; - жиі күрсінуін; - жиі пессимистік танытып, қайғылы әуенде музыка тыңдау; - жақсы көретін заттарына немқұрай қарауын; - сөз арасында өзіне деген жеккөрушілік сезімін; - өзіне тән емес мінез-құлық танытуын байқасаңыз, онда бұл балаңыздың бойында, назар аударуды талап ететін, эмоционалды қиындықтардың орын алуын көрсетуі мүмкін. Ол үшін білікті мамандармен байланысып, психологиялық кеңестер алуға болады: www.covid-19.mentalcenter.kz/children-kaz, www.telefon150.kz және www.bfline.org. Барлық онлайн кеңестер тегін. Құрметті ата-ана! Назар аударыңыз! - Егер балаңызды түсінуден қалсаңыз - Егер балаңыздың аузынан өмір сүргісі келмейтінін білдіретін сөздерді естісеңіз - Егер балаңыздың аузынан: «Мен өмірден шаршадым...», «Менің отбасыма менсіз жақсы болар еді», «Мен өлсем, кімнің шаруасы бар онда», «Мен кеткім келеді», «Мен бұдан былай өмір сүргім келмейді», «Жақында мен туралы алаңдамайтың боласыздар», - деген сөздер естісеңіздер, онда бұл балаңыздың бойында, назар аударуды талап ететін, эмоционалды қиындықтардың орын алуын көрсетуі мүмкін. Ол үшін білікті мамандармен байланысып, психологиялық кеңестер алуға болады: www.covid-19.mentalcenter.kz/children-kaz, www.telefon150.kz және www.bfline.org. Барлық онлайн кеңестер тегін.
23.06.2020
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау.
19.06.2020
Бастауыш сынып мұғалімі Кусаиновна Г. Т. және 1 ,,А"" сынып оқушысы Мырзағали Кәусар Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген облыстық онлайн ,, Екі жұлдыз"" конкурсына қатысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
17.06.2020
2020 жылы Көкшетау қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің Жас қозғалыс инспекторлары жасақтарының арасында қашықтықтан қалалық байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде мектебіміздің "Добрая дорога" командасы ІІІ-ДӘРЕЖЕЛІ дипломға ие болды. Құттықтаймыз!!!
09.06.2020
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Өміргүл Жарқынбайқызына арналған ата- аналардың алғыс сөздері. "Kókshetaý" қалалық газеті, 4 маусым, 2020 жыл, №22 (14198), 6 бет.
02.06.2020
«Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында «Гүл әлемінде» атты шағын жобаның талаптары: 1.Үй бөлмесінің гүлін отырғызу. 2.Гүл түріне байланысты қажет жерді таңдау (жарық, көлеңке сүйгіш). 3. Гүлдің өсуіне жағдай жасау. 4. Бөлме гүлін баптау (суару, қопсыту,шаңнан тазалау). 5. Бөлме гүлінің өсу кезеңдерін бақылау күнделігіне жазып отыру. 6. Гүлді өсіру сәттерін фотоға және видеоға түсіріп отыру. Жоба жетекшісі,биология пәні мұғалімі Туякова А.Қ.
01.06.2020
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау.
Бүгін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды және ол 30 тамызға дейін жалғасады.
Құжаттарды тапсырудың үш жолы бар:
1. egov.kz арқылы;
2. ХҚКО арқылы;
3. қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-ананың (немесе оларды...
01.06.2020
№ 22 орта мектебі 5-10- сынып оқушыларына арналған "Jazgy MEKTEP-2020" атты жаз бойы қашықтықтан өтетін жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын,бос уақытын тақырыптық апталықтар мен шағын жобалар арқылы өз жұмысын ұйымдастыратынын хабарлайды.
01.06.2020
Мектебімізде "Менің сүйікті мультфильмдерімнің кейіпкерлері" атты қашықтықтан өтетін сурет байқауы жарияланады. Байқауға кез келген "Balapan jaz -2020" мектепалды сауықтыру алаңының топ мүшелері қатыса алады. Ол үшін сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің суретін салып, аты -жөнін, топ атауын жазып, фотосуретін әлеуметтік желі арқылы топ тәлімгеріне жеткізу керек. Жеңімпаздар маусымның 5-і күні анықталады.
01.06.2020
1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
Қымбатты оқушылар, Сіздерді 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз!