2021 жылдың наурыз айының 3 күні мектепішілік Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді. Отырысқа мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-аналар комитеті қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылға арналған мектеп бюджетінің жоспары, 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мектеп директорының есебі ашық талқыланды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпанындағы № 9 қаулысы және Ақмола облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпанындағы № 10 қаулыларына сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап оқыту процесіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қарастырылды. 1-5-сынып оқушылары 1 наурыздан бастап аралас оқыту форматына көшірілетіні, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30 пайызынан аспайтын адамның болуын сақтау мақсатында сабақтың басталу уақытының 6 кезеңі, сонымен бірге, аталмыш сыныптардың сабақ кестесі қарастырылды.
Жеке гигиенаны, барлық санитарлық талаптардың орындалуын сақтау мәселесі туындап, мектеп директоры ата-аналардың назарын оқушылардың мектепте барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне аударды.
Аралас оқыту форматына көшу аясында мектеп формасы талап етілмейтіні, мектеп формасын сатып алу қажеттілінің жоқ екені баса айтылды.
6,7,8,10-сынып оқушыларының білімдерін толықтыру мақсатындасабақтан тыс уақытта 15 оқушыдан аспайтын топтарда оқушылардыжеке оқытуға рұқсат етіледі. Әр педагог ата-аналардың келісімімен қосымша сабақтарды ұйымдастыруға құқылы.
Мектептегі асхана жұмысын бастау2021 жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіліп отыр. Мектебімізде дайындық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты асхана өз жұмысын 10 наурыздан бастауды жоспарлап отыр.
Отырыс соңында әлеуметтік педагог, Жаркенова А.К. «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтарындағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 қаулысына сәйкес материалдық және қаржылай көмек көрсету мәселелеріне тоқталды.