"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22 ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, информатика және физика пәндері апталығының қорытындысы.

26.01.2021

  2021 жылдың 18 - қаңтарынан 22 - қаңтар аралығында 5-10 сыныптар  арасында «Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты тақырыпта математика, физика және информатика пәндері бойынша апталық өтті. Апталықта барлық жоспарланған іс - шаралар ZOOM платформасында  қашықтықтан өткізілді. Апталық мақсаты:  Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.       Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары, әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын, әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу -  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында  қаралып талданды  және бекітілді. Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай интеллектуалды сайыстар, зияткерлік ойындар, информатика әлеміне саяхат, тәжірибелер және видеотүсірілімдер көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті.      Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы  күні қашықтықтан ZOOM бағдарламасында  апталықтың салтанатты ашылуы өтті. ӘБ жетекшісі Турсунова Айман Қайроллақызы апталықтың  жүргізілу жоспарымен таныстырып, оқушылар назарына «Математикалық викторина» жүргізіліп, видеотүсірілімдер көрсетілді.      Математика пәні мұғалімі Ракишева Алтын Жолболдықызы – 7 және 8 сыныптар арасында   «Талантыңмен таныл» атты  зияткерлік ойын түрінде   сыныптан тыс іс- шара  өткізді.  Іс - шара оқушылардың танымдық қабілетін ұштау мақсатында жүргізілді. Мұғалім оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеріп,  логика  мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар математика пәні бойынша өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша білім алды.  Ал информатика пәнінің мұғалімі Болат Серікгүл «Journey into the world of computer science» атты тақырыбында 6«А» мен 6«Ә» сыныптарымен информатика әлеміне саяхат жасады. Жалпы осы іс-шараға қатысты терминдер ағылшын тілінде берілді. Оқушылар өз білімдерін ағылшын тілінде де көрсете білді. Әр кезеңде оқушылар белсене қатысып, өткен білімдерін шыңдады. І кезеңде оқушылар берген ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап берді, ІІ кезеңде  берілген  сөздердің  дұрыс нұсқасын тапты, ІІІ кезеңде  үштілділік заман сұранысы, сондықтан «өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні белгілі, сондықтан  бұл бөлімде берілген  сөздердің орыс тілі және ағылшын тіліндегі баламасы айтылды. IV кезеңде сөзжұмбақ шешілді. Жалпы сынып оқушылары белсене қатыса білді, әрі өз білім деңгейлерін шындады.     Информатика пәнінің мұғалімі  Иманжанова Лаула Мәдениетқызы «Информатика дарабозы»  атты зияткерлік сайысын 9 – сыныптар арасында  өткізді. Сайыс бес кезеңнен тұрды: І. “Бәйге” ІІ. “Тіл – өнер" ІІІ. “Көкпар” ІV. “Адасқан әріптер”  V. “Жорға”. Сайыста тапқыр, әрі алғырлығымен көзге түскен Умарханова Дильнәз  184 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Осы сайыс оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізгендігі сөзсіз.   Математика пәнінің мұғалімі Аканова Диана Жеңісқызы «Математика – ғылымдар патшасы» атты сайысты 5 «А» және 5 «Ә» сыныптары арасында өткізді. Сайыс оқушылардың математика пәніне деген  ойлау қабілетін, белсенділігін және қызығушылығын  арттыру, ой – өрістерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс үш кезеңнен тұрды: І.Сұрақтар. ІІ. Жасырылған есеп. ІІІ. Мақал- мәтелдер.  Осы сайыста оқушылардың шабыттары шындалып, 5 А – сыныбы «Барыс» тобы  56 ұпай жинап жеңіске жетті.    Физика пәнінің мұғалімі Тұрсынова Айман Қайроллақызы 7-9 cыныптармен   «Қызықты физикалық тәжірибелер» атты видеотәжірибелер  өткізді.   Қашықтықтан жасалған оқушылардың видеотәжірибелеріне сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.  Тәжірибе мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу негізінде ұйымдастырылды. Оқушылар өз тәжірибелерін дұрыс жасап, нақты сұрақ қоя білді. Сонымен қатар, көрсетілген видеотәжірибелерді анықтай алу тапсырмалары да қатар жүргізілді. Тәжірибелерді жақсы көрсете білген келесі оқушылар: Бескемпирова Мадина (7 сынып), Нургалиева Диана (9 сынып) мен Тоқсанова Мерей (9 сынып).       Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталды.  Қорыта келе айтарым, ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері және  қоғамы, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз  – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болары сөзсіз.  ӘБ жетекшісі Турсунова Айман Қайроллақызы

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст