Текст
18.02.2022
"Халқы сүйген қаламгер" атты көркемсөз оқулары байқауы
Ақпан айының 16-сы күні Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің 86 жыл толуына орай қалалық мектепішілік оқушылары арасында ұйымдастырылған "Халқы сүйген қаламгер" атты көркемсөз оқуларына 8 "А" сынып оқушысы, Бескемпирова Мадина қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен...
18.02.2022
Ақпан айының 16-сы күні Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің 86 жыл толуына орай қалалық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған "Халқы сүйген қаламгер" атты көркемсөз оқуларына 9 "А" сынып оқушысы, Ержанова Мадина қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аргунбаева А.С. Үздік өнер көрсеткен оқушымыз бен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
17.02.2022
Ақпанның 16-сы күні 2-3 сыныптар арасында «Қауіпсіз жол", "Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізілді. Өткізгендер: кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар Омарова Ж. Рахимжанов Т.С.
17.02.2022
2022 жылдың 21-ші қаңтарынан 15-ші ақпан аралығында "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы өткізілді. Акция аясында кітапханамыздың кітап қорына 20 дан астам кітаптар сыйға тартылды. Оның ішінде энциклопедия мен көркем әдебиеттер, белгілі жазушылардың кітаптары бар. Кітап қорына осындай құнды шығармаларды сыйға тартқандары үшін ұстаздар мен оқушыларға зор алғыс білдіреміз!
27.01.2022
9-11 сынып оқушыларымен ZOOM форматында "Кәсіптік бағдар беру" жұмысы өткізілді.
25.01.2022 жылы "Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" ZOOM форматында 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Қашықтықтан кездесуде педагогикалық мамандықтар туралы және колледж туралы жалпы ақпарат берілді.
17.01.2022
2022 жылдың 11-12 қаңтар аралығында іс-шаралар жоспарына сәйкес ӘБ мұғалімдерінің отырысы өтті.
2022 жылдың 11-12 қаңтар аралығында "№22 ЖООБМ" КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес ӘБ мұғалімдерінің отырыстары өтті. Бірлескен жұмыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
ІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі мен білім сапасына талдау...
11.01.2022
11 қаңтар күні мектеп ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бейнебайланыс арқылы өткен Парламент Мәжілісінің отырысында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша үндеуін тыңдауға қатысты. Мектеп ұжымы Мемлекет басшысының еліміздегі орын алған барлық өзекті мәселелерді шешу бойынша қойылған міндеттерді толықтай қолдайды.
11.01.2022
Көкшетау терроризмге қарсы!