Текст
2022 жылдың төртінші наурызында «Ақмола облысының білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Елбасы медалі» жобасының қола медалінің иегерлерін, сондай-ақ 2021-2022 оқу жылының 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Мухамедяр Камила қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Камила "Қазақстан тарихы" пәнінен 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!