Текст
Ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында “Мен және менің полицейім” имидждік акциясы негізінде 13 сәуір күні 5-7 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор кездесу сағатын өткізді. Мақсаты: кәмелетке толмағандардың оң сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру, қауіпсіздік шараларына үйрету.