12.04.2021-16.04.2021ж. күндері аралығында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша бастауыш сыныптардың пән апталығы өтті. Апталық аясында баланың қиялы мен әлемін көрсететін «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі, «Әлем балалар көзімен» және «Көкшетау-менің сүйікті қалам» атты фотосуреттер көрмелері ұйымдастырылды. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жұлдызды сәт» және «Қазақстанның 100 аңызы» атты зияткерлік ойын сабақтары өткізілді.
Болашақта өздерін жас әдебиетші болатындарын көрсете білген 1 «А» сынып оқушылары арасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты нон-стоп мәнерлеп оқу кеші өткізілсе, қоршаған орта, табиғат жайлы білімдерін кеңейту мақсатында 4-сыныбында «Бірге - таза Көкшетау» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шағын Отан мәдениетімен танысу мақсатында 3 ,,А'' және 3 ,,Ә'' сынып оқушылары «Ботай-Бурабай ашық аспан» аясындағы этнографиялық мұражайына виртуалды саяхат жасады.
Аптаның соңғы күні бастауыш сынып мұғалімдері арасында " Оқу мен оқытудың заманауи тәсілдері" тақырыпта коучинг өткізілді.
Жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.