Текст
2021 жылдың 14 сәуір күні Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастықтың қырлары" атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.Аталмыш конференцияға мектептің 2 оқушысы қатысты. Конференция қорытындысы бойынша «Химия, биология, өзін-өзі тану» секциясының «Химия» бағыты бойынша үздік мақаласын жариялаған, 8 «А» сынып оқушысы Ержанова Мадина I дәрежелі дипломмен, жетекшісі, химия және биология пәнінің мұғалімі Туякова Анар Куанышпаевна Алғыс хатпен марапатталды.