"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22 ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МИФ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ Е С Е Б І -ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

18.02.2017

      Көкшетау қаласы, №22 ЖББНМ

          «МИФ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК  БІРЛЕСТІГІ

Елбасымыз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни, оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы. 25 жыл ішінде  біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты -

пәндік апталық болып саналады.

Просмотров: 998

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст