Текст
Құрметті қариялар!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Ізгі ниетпен, 22 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі.