Текст
Қараша айының 14-18 аралығында "Әдебиет қаһармандарының шеруі" 9-12 жастағы оқушылар арасындағы облыстық байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Есләмбек Жанерке қатысып, Бас жүлде иегері атанды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Жазитова Гульфира Темирболатовна алғыс хатпен марапатталды.
Үздік өнер көрсеткен оқушымыз бен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!