Текст
Мамырдың 18-19 аралығында "Дарын" Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектеп оқушыларының Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен жинақтаған білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Тарих ата» республикалық қашықтықтан олимпиадасын өткізген болатын. Аталмыш байқауға мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы Сейтхожа Аружан мен 7 «Ә» сынып оқушысы Темирханова Амина қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Аружан және III дәрежелі дипломмен Амина марапатталды. Жетекшісі: Сапар Мұхит Ерланұлы. Құттықтаймыз!!!