"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22 ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Баршаңызды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ тарихында халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді көп жылдар бойы басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік, Мәңгілік Ел сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Елбасының саяси көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында Қазақстан дамудың ерекше, асқақ жолын таңдады, сөйтіп, елімізді саяси-экономикалық және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асырған аймақтық көшбасшысына айналдырды. Барша қазақстандықтар сияқты біз Отанымызды сүйеміз, тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентін мақтан тұтамыз. Біздер үшін Қазақстан азаматы болу – үлкен жауапкершілік және абыройлы мәртебе! Осынау мерекелі күні барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, ынтымақ пен мейірім тілеймін. Ізгі тілекпен, Көкшетау қаласы білім бөлімінің №22 орта мектебінің директоры Баймаганбетова Римма Кенжебулатовна

01.12.2020
Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст