Көкшетау қаласы білім бөлімінің
«№22ЖББНМ» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы
қызметі туралы 2017 жылдың жария талқылау үшін
есебі
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім беру ұйымының Тізілімі 4 қызметті қамтиды:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау»
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
Өткен 2017жыл кезеңінде барлығы 24 қызмет көрсетілді.
Қағаз түрінде-24.
1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау -21
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге
құжаттарды қабылдау -3
Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Халықты ақпараттандыру мақсатында сайтта «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету нұсқаулықтары орналастырылған, Толық ақпарат мектептің қабылдау бөлімінде және халыққа қызмет көрсету орталығы стендтерінде орналастырылған.
Ай сайын Көкшетау қаласы білім бөліміне 4 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оң үрдісі байқалады, орындаушы тұлғалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының жауапкершілігі күшейтілді.
Мектеп басшысы Р.Баймаганбетова