Дарын "Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушыларының Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен жинақтаған білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізген болатын. Аталмыш байқауға мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Сыздыкова Динара, 7 «А» сынып оқушысы Аманбай Айдана, 6 «Ә» сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір, 5 "А" сынып оқушысы Саимбулек Ажар және т.б. оқушылар қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен Сыздыкова Динара, III дәрежелі дипломмен Аманбай Айдана, Мұратбек Мөлдір, Саимбулек Ажар марапатталды. Жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімі Сапар Мұхит Ерланұлы мен Жампеисова Клара Калмуратовна. Құттықтаймыз!!!