Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2-11 сынып оқушылары арасында мектепшілік шахмат олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 21 оқушы қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша: I орынды 1 «А» сынып оқушысы Молдахмет Адият және 4 «А» сынып оқушысы Раскатова Алина; II орынды 6 «Ә» сынып оқушысы Қаржау Інжу және 7 «Ә» сынып оқушысы Раскатов Максим; III орынды 6 «А» сынып оқушысы Садыков Алихан және 6 «Ә» сынып оқушысы Раскатов Данил иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!