Текст
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен Республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 3-сынып оқушылары арасында балалар жазушылары Ескен Елубаевтың 80 жылдығына және Самуил Маршактың 135 жылдығына арналған "Көркем сөздің ақ желкені" қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 3"а" сынып оқушылары Серік Мәдина ІІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталса, Садвакасова Диана байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі: Кітапхана меңгерушісі Сарбасова М.К. Құттықтаймыз.!!!