Текст
2022 жылғы 10-11 қараша күндері Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің арасында "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" облыстық (сырттай) конкурсы өткізілді. Конкурс педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, олардың біліктілігін жетілдіруге бағытталды.
Біздің мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Г.Ж. қатысып, II жүлделі орынға ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!