Ағымдағы жылдың 11-наурызында "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен Красный Яр селосының № 3 мектеп-гимназиясының базасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында "Ахмет оқулары" байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша "Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының көсемі" номинациясында 10 "А" сынып оқушысы Мұхамедяр Кәмила Гран-при атағына ие болса, "Ұлы ұлықтаған ұстаз" номинациясы бойынша 6"А" сынып оқушысы Ерланұлы Мәди, 6 "Ә" сынып оқушысы Бегзан Зерде және 8 "А" сынып оқушысы Булат Мөлдір ақынның "Қасқыр мен қозы" мысалын сахналап, жүлделі ІІІ орындыиеленді. Жетекшілері: қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Аргунбаева А.С., Мухаметжанова З.С. Құттықтаймыз!!!