Текст
2022 жылдың 18 ақпанында "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастырылуымен «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында 10 сынып оқушыларының арасында сүйікті әдеби кейіпкерге ой арнау «Хат жаздым калам алып...» үздік эссе байқауы өтті. Байқау жас ұрпақтың әдебиетке деген оң көзқарасын мәдени өмірдің маңызды рухани құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыруға, әдеби тілді меңгерудің және көркем әдебиетті білудің беделін арттыруға бағытталған. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Мухамедяр Камила II жүлделі орынғa ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аргунбаева А.С. Құттықтаймыз!!!