Текст
2022 жылдың 11-12 қаңтар аралығында "№22 ЖООБМ" КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес ӘБ мұғалімдерінің отырыстары өтті. Бірлескен жұмыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
ІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі мен білім сапасына талдау жасалды, педагогтер аттестаттаудың жаңа қағидаларымен таныстырылды, 3-тоқсанда білім сапасын арттыруға бағытталған іс- шаралар, пәндік апталықтарды ұйымдастыру, 9-11 сынып оқушыларын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне дайындау сұрақтары талқыланды. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Бакулина Акмарал Сериковна " Кері байланыс" тақырыбында коучинг өткізе отырып, өз тәжірибесімен бөлісті.