Қалалық «Ертегілер еліне
саяхат» атты қойылымдар байқауының қорытындысы
2018 жылғы 28-ші қараша күні Көкшетау қаласының жалпы білім беретін оқу
орындарының 2-ші сынып оқушылары арасында қалалық «Ертегілер еліне саяхат» атты
қойылымдар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға,
сөйлеу және сахналық мәдениетін, ой-өрісін дамытуға ықпал ету, сондай-ақ
бастауыш сынып оқушыларын адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қойылым кезінде тақырыптың мазмұндығы, музыкалық көркемделуі,
орындаушылардың орындау шеберлігі, сахналық мәдениеті, реквизиттердің орынды
қолданылуы мен киім үлгілерінің үйлесімі бағаланды.
Аталған байқауға «Қасқыр мен тышқан» ертегісімен №22 Жалпы білім беретін негізгі мектебінің оқушылары Бегзан Зерде, Шайзада Алихан, Қаржау Інжу, Кенжебек Жарас, Төлеухан Жұлдыз, Шалабаева Аружан, Аман Айлана, Мұратбек Мөлдір, Балтабай Диас, Төлеген Нұрислам қатысып, 24 мектеп арасында топ жарып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Аяшева Асия Кусаиновна. Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ботагоз Буркутбаевна Гельманова жас таланттарға биіктен көріне берулеріне деген ізгі тілегін білдіріп, дипломмен марапаттады. Құттықтаймыз!