"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22 ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақ беру Мемлекеттік органда қызметті алу үшін қажетті құжаттар: * Өтініш. * Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі). * Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер “АХАТ тіркеу пункті” ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАТ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған бала үшін. Некені тіркеу немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі
(АХАТ ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген. Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі: * Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін – қызмет алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығын растайтын, жергілікті атқарушы органдар беретін анықтама. * Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары үшін – алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түскен табыстар, балалар мен басқа да асырауындағы адамдарға төленетін алимент түріндегі табыстар туралы анықтамалар). * Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы шешімі. * Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – отбасылық материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде қабылданған алқалы органның шешімі. Құжаттар түпнұсқада тексеру үшін ұсынылады, кейін түпнұсқалар қызмет алушыға қайтарылады.

05.11.2025
Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст