"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №22 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22 ГОРОДА КОКШЕТАУ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Balapan Jaz - 2019» мектепалды сауықтыру алаңының I ауысым жұмысының есебі.

19.06.2019

«Balapan Jaz - 2019» мектепалды сауықтыру алаңының  

I ауысым жұмысының есебі.

Мерзімі:  03.06.2019-14.06.2019

Топ тәлімгерлері:  Газизова А.И., Оңғарбай З.,Қайыржанова Г.У.

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы – балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.

«Balapan Jaz» мектеп алды сауықтыру алаңының іс-шаралар жоспарына сәйкес мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді.

  • Салауатты өмір салтына баулу;
  • Эстетикалық тәрбие;
  • Азаматтық-патриоттық  және ұлттық тәрбие;
  • Тәрбие беру-сауықтыру жұмыстары;
  • Спорттық шаралар.

«Balapan Jaz» мектеп алды сауықтыру алаңы өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалды.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау  күніне орай  «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылып, «Balapan Jaz»  лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Онда  «Қырықаяқ», «Көгалдағы хоккей», «Әр заттың өз  орны бар», Солтүстік полюс» атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты  қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше,  қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Патриоттар күні «Рәміздерді құрметтейік!»,қоршаған  орта күні « Табиғатқа саяхат», денсаулық күні  «Дұрыс тамақтану –денсаулықтың кепілі», қимыл қозғалыс ойындары, эстафеталық жарыстар, асық ойыны «Бестас» спорттық жарыстар өткізілді. Балалар әр түрлі бұйымдар жасады. «Кітап-біздің досымыз» атты тәрбие сағаты демалушыларды өте қызықтырды. Балалар кітапханаға саяхат жасады. Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Бағдаршам менің досым» атты экскурссия өткізілді. Онда балалар мұражайға, саябаққа барып, жолда жүру ережесін үйренді. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі нұсқаулықтары өткізілді. Судағы негізгі қауіпсіздік, ойын барысындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі т.б туралы айтылып  бейнебаяндар  көрсетілді. 4 маусым күні «ҚР Рәміздер күніне» арналған мерекеге байланысты оқушылармен «Рәміздер менің мақтанышым!» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Балаларға слайд, видео көрсетіліп, көп мағлұмат берілді. Балалар тақпақтарын оқыды.  «Мақал-мәтелдерді жалғастыру» ойыны ойнатылды. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың патриоттық сезімін ояту, отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, Ту мен Елтаңба бейнелерінің нені білдіретіні түсіндірілді. Сабақ соңында тақырыпқа байланысты сурет байқауы өтті.

«Balapan Jaz» мектеп алды сауықтыру алаңында балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында лагерь аймағынан тыс «Өлкетану» үйірмесінің жоспарына сәйкес саябаққа серуен ұйымдастырылды,  «Бодрость» хауызына, «Cinema» кинотеатрына бардық. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, музыка, информатика мұғалімдері ат салысты.  Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді. Олар: «Балалардың жарақаттануына жол бермейік!», тұзды жолдармен жүгіру, тамақтан туындайтын ішек аурулары, «Кішкентай аспазшылар» сайысы өткізілді. Мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады. Мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды.

«Balapan Jaz» мектеп алды сауықтыру алаңында  АРТ-терапия көркем сурет» үйірмесі аптасына 2 рет өткізілді. Үйірменің өткізу кезінде келесі мақсаттар көзделді. Баланың қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру. Оқушылар АРТ-терапия үйірмесінде белсенділік танытып,көркем өнерге деген қабілеттерін дамытты.Үйірмені жүргізу барысында оқушылар келесі тақырыптарға сурет салды: «Су асты ғажайыбы» алақанмен сурет салу, «Аңдар әлемінде» тіс щеткасымен сурет салу және т.б. Әр сабақтан соң кері байланыс жасалып, оқушылар жұмыстарын көрмеге ілді. Үйірме жетекшісі:  Абылкаримова А.К. Сонымен қатар «Daryndy bala» фортепиано үйірмесі де қалыс қалған жоқ. Үйірме барысында фортепиано аспабымен танысып, бейнебаяндар тамашалап, нотаның орналасу ретін көріп, жаттығулар арқылы оң қолдың, сол қолдың қойылымдарын үйренді. Балалар фортепиано  аспабының басқа аспаптардан айырмашылығын, құлаққа жағымды естілетін ерекше дыбыс әуені шығатынын түсінді. Үйірме жетекшісі: Досымхан Ә.К. Мектептің тәлімгерімен тіл мамандары «Balapan Jaz» мектеп алды сауықтыру алаңының ашылуына орай  «Flying Banana Children’s Theatre» үйірмесі ашылды.  Үйірменің жұмыс жоспарымен таныстырылып,  үйірмеге қатысушылар тізімі жасалды. Ертегінің сценариімен танысып, «Қызыл телпек» ертегісінің қойылымы сахналанды. Топ тәлімгерлері таза  ауада ойындар ойнатып, би билетіп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Балалар өздерінің «Ертегілер еліне саяхат» сахналық қойылымын көрсете білді.  Үйірме жетекшісі: Даулетова Ж.Е.

«IT клуб» үйірмесі әр баланың табысты дамуына ықпал ететін қолайлы кеңістік құру, оқу мотивациясы арқылы оқуға деген қажеттілік, мультфильм жасау бойынша бірлескен іс-әрекет процесінде танымдық іс-әрекетке қызығушылығын тәрбиелеу.  Үйірме жетекшісі: Есдаулетов А.М.

«Balapan Jaz» мектеп алды сауықтыру алаңының жабылуына арналған іс-шараларда оқушылар 10 күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

"Balapan Jaz - 2019" мектеп алды сауқтыру алаңының жетекшісі: Смагулова К.Х 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 19.06.2019 17:31
Құрылған күні: 19.06.2019 17:34

Текст